8.09.2023, 11:45
Оқылды: 84

Жолдау аясында партияның негізгі міндеттері мен мақсаттары талқыланды

Батыс Қазақстан облыстық «AMANAT» партиясы филиалының Фракциясы отырысы өтті. Отырысқа Фракция жетекшісі Ізмұханбетова Софья Салахиденқызы төрағалық етті. Фракция жиналысына «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұқаев Мұрат Рахметұлы, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы Сафималиев және Батыс Қазақстан облыстық, қалалық мәслихаттарының депутаттары, фракция мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2023-09-08 at 11.37.06

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Алғы сөзді облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы алып, күн тәртібіндегі Президент жолдауының еліміздегі 1 жылды айқындайтын жоспар болып табылатынын айтып, жолдауда айтылған жол инфрақұрылымы, су ресурстарының реформасы, мемлекеттік сатып алу заңы, агроөнеркәсіп, кіші және орта бизнес дамыту, партиялық жобаларға тоқталды. «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы Президент жолдауының маңыздылығын оның ішінде Партия тарапынан жасалатын жұмыстарын алға тартып, 2023-2027 жылдардағы арналған сайлауалды бағдарламасының бақылау жұмысын күшейту керектігіне тоқталды.

WhatsApp Image 2023-09-08 at 11.37.05

Артынша жолдауға қатысты оның ішінде экология, жергілікті шешімін таппаған мәселелер, кәсіпкерлікті қолдау, көршілес елдермен экономикалық байланыс жөніңде облыстық мәслихат депутаты Сержан Идиятов өз пікірімен бөлісті.

Инновациялық технологиялар, ғылыми зерттеу, білім саласы, жасанды интеллект, экологиялық кеңес жөніңде облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Серғалиев айтты.

Облысымыздағы жол құрылысы, Орал-Атырау тас жолын қайта жөндеу ол облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету деді облыстық мәслихат депутаты Дінмұхамед Сәтбаев.

«Ауыл Аманаты» және «Қарызсыз қоғам» жобалары жөніңде қалалық мәслихат депутаты Азима Губашева айтып өтті.

Энергетикалық тәуелсіздігіміз жөнінде қалалық мәслихат төрағасы Есентай Қалиев сөз сөйледі.

Сонымен қатар, отырыста «АМАNАТ» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштері және әр тармақтарының орындалуын қадағалау туралы да мәселе қаралды.

Қаралған мәселелер бойынша фракция жиналысының шешімі қабылданды.

 

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале