8.09.2023, 15:30
Оқылды: 22

Оралда бау-бақша орталығы ашылды

Қала күніне орай бау-бақша орталығы салтанатты түрде ашылды. Мерекелік шараға қала әкімі Миржан Сатқанов қатысты.

17CC6D06-7C4B-481D-9481-3003B3906D34

– Бұл орын Орал қаласындағы әдемі бау-бақша орталығына айналады деп үміттенемін. Бақшада раушан гүлінің, шырша ағашының сан түрі бар. Әсіресе гүлдің қоры өте көп. Бұл жоба мен үшін өте бағалы, қала тұрғындарын тамашалауға шақырамын, - деді жоба жетекшісі Гүлнар Мерғалиева.

4498BDD3-242F-406F-91E8-71712DC01C49

BC20029B-E64C-404B-BF0B-22671FC07B15

– Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын. Біздің азаматтарымыз шаһардың әдемі болуы үшін барын салуда. Қаланың жасыл желекке оранып, гүлденуі жолында осындай бау-бақша орталықтарының маңызы зор, - деді қала әкімі Миржан Сатқанов.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале