11.09.2023, 15:00
Оқылды: 97

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектепте орамал тағу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.

6F7A6CF4-434A-480A-B11B-0D4191965811

«Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылады. ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берді. Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз», - делінген мүфтият мәлімдемесінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале