11.09.2023, 15:30
Оқылды: 45

Оралдағы бәйгеде бес адам жарақат алды

Оралда Қала күніне орай ұйымдастырылған бәйге жарақатсыз өтпеді. Жан алып, жан беріскен бәйгеде бес адам дене жарақатын алып, жедел жәрдемге жүгінген. Олардың үшеуі кәмелет жасына толмаған балалар болса, екеуі ересек адам.

1D183B82-362E-498A-8882-3F2555673238

– Сол күні 13 жасар қыз балаға жедел жәрдем барды. Оған үйден ем алуға кеңес берілді. 15 жасар бала жедел жәрдеммен облыстық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Дәл сол күні 2010 жылғы жасөсірім де жарақат алған. Оның сол жақ білегі сынған. Ол облыстық аурухананың жарақат бөліміне өзі келді. Сол бойда ауруханаға жатқызылды. Екі жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, - деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, медициналық көмекке 40 және 25 жастағы екі ер адам жүгінген. Оларды нейрохирург қарап, томография жасап емханаға ем алуға жолдаған.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале