10 тамыз күні полиция қызметкерлері Ақжайық ауданы Чапай ауылында Өзбекстан Республикасының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Тексеру барысында көлікті басқару құқығынан айырылған жүргізуші ережелерді елемей, ішімдік ішкен күйде көлік басқарғаны белгілі болды.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.
zhaikpress.kz