12.09.2023, 12:30
Оқылды: 17

Ресейде ұшақ шұғыл қонды: бортта қазақстандықтар болған

Новосібір облысында «Орал авиакомпаниясының» ұшағы апат жағдайында жерге қонды. Оның бортында қазақстандықтар да болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

a9b9c2d1cbd2b167047e10c09792e784

Фото: ©РИА Новости

Убинское ауданына қонған борт Сочи-Омбы бағыты бойынша ұшқан. Нақтыланған мәліметтер бойынша бортта 167 адам болған.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, әуе кемесі дабыл қағып, ал кейін радардан жоғалып кеткен. Сондай-ақ, ешкім зардап шекпегені айтылды.

«Ұшақ бортында 159 жолаушы болды, оның ішінде 23-і – бала, 6 адам – экипаж мүшесі. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ресейлік БАҚ-та.

Baza Telegram-арнасының ақпаратына сүйенсек, ұшақта Қазақстанның төрт азаматы болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале