12.09.2023, 21:53
Оқылды: 156

Сырымдық ардагер спортшылар топ жарды

Орал қаласында өткен самбодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты қорытындыланды.

4fec17d5-448c-44e7-bf21-a50bac8eca74

Нәтижесінде, 60-64 жастағы ардагерлер арасында М-6 санаты бойынша 64 келі салмақта алғабастық Қазболат Құрмашев І орынға ие болды.

4d0f9afb-dca3-4199-9d76-b5d2460a4ebb

М-1, М-2, М-3, М-5 санаттары бойынша 35-39 жастағы ерлер арасынан жосалылық Айбек Ғабдешев, 40-44 жас ерекшелігі бойынша 64 келі салмақта жосалылық Қанат Жанғалиев, 45-49 жас ерекшеліктерінде 88 келі салмақпен жымпитылық Серік Ихласов, 55-59 жастағы ардагерлер арасынан 98 келі салмақ дәрежесі бойынша Қаймен Есендияровтар ІІ орынға табан тіреді.

9f5784ce-a45c-400a-84ab-a2d3e41793a4

Жүлделі ІІІ орын М-5 санатында 55-59 жастағы ардагерлер арасында 79 келі салмақ дәрежесінде алғабастық Тілек Кәкеновке, 40-44 жастағы ардагер самбошылар арасынан жымпитылық Тілек Махметов пен қособалық Болатхан Аимовқа бұйырды.

1e178a0f-95dc-4c95-a013-991ef0c38d33

Бір ерекшелігі, аталған әлем чемпионатында ерлерден бөлек, бұлдыртылық Мәншүк Баданова да жеңімпаздар қатарынан табылды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале