Бұл туралы БҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеме жасады.
«2023 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің төрағасы «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.
Осылайша, параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК-тен (2023 жылға 3,45 млн теңге)) аспайтын немесе залал келтірілмеген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК немесе 103 500 теңге;
- онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК немесе 138 000 теңге;
- ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК немесе 172 500 теңге;
- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК немесе 241 500 теңге;
- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК немесе 345 000 теңге.
Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1000 АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10 % құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен немесе 13,8 млн теңгеден көп емес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге дежәрдемдесуді қамтиды.
8. Көтермелеу, егер адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты:
1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде, соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда жүзеге асырылады», делінген хабарламада.