Бүгін облыс орталығында аудан өнерпаздарының «Туған жерім – тұғырым» өнер фестивалі аясында «Бөкей ордасы – тұңғыштар мекені» атты мерекелік концерті өтті.
Мерекелік концерт «Бөкей бастап ел қонған» театрландырылған көрінісімен басталып, аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, халықтық "Нарын" вокалды-инструменталды ансамблі, халықтық «Аруана» әжелер ансамблі, үлгілі "Орда гүлдері" би ансамблі өнер көрсетті.
Тек аудан өнерпаздары ғана емес Орда топырағынан шыққан талантты ұл-қыздарымыз Ермек аға мен Асылхан Қазиевтер, айтыскерлеріміз Жансая Мусина мен Талғат Мықилар да ортамыздан табылып, аудан абыройын асқақтатты.
Шара соңында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов көрерменге алғысын білдірсе, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың атынан ықылас гүлі тарту етілді.
Мерекелік шараға жиылған зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер, жерлестер мен қала тұрғындары өнер ордасының фойесіндегі қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz