14.09.2023, 22:42
Оқылды: 600

Ордалықтардың "Атамекендегі" өнер мерекесі 

Бүгін облыс орталығында аудан өнерпаздарының​ «Туған жерім – тұғырым» өнер фестивалі аясында «Бөкей ордасы – тұңғыштар мекені» атты​ мерекелік концерті өтті.

FB_IMG_1694710848707

FB_IMG_1694710863943

Мерекелік концерт «Бөкей бастап ел қонған» театрландырылған көрінісімен басталып, аудандық халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, халықтық "Нарын" вокалды-инструменталды ансамблі, халықтық «Аруана» әжелер ансамблі, үлгілі "Орда гүлдері" би ансамблі өнер көрсетті.

FB_IMG_1694710835261

FB_IMG_1694710854687

FB_IMG_1694710831352

Тек​ аудан өнерпаздары ғана емес Орда топырағынан шыққан талантты ұл-қыздарымыз Ермек аға мен Асылхан Қазиевтер, айтыскерлеріміз Жансая Мусина мен Талғат Мықилар да ортамыздан табылып, аудан абыройын асқақтатты.

FB_IMG_1694710867655

Шара соңында​ аудан әкімі Нұрлыбек Даумов көрерменге алғысын білдірсе, облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың атынан ықылас гүлі тарту етілді.

FB_IMG_1694710821334

Мерекелік шараға жиылған зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер, жерлестер мен қала тұрғындары өнер ордасының фойесіндегі қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале