ҚР Парламенті Сенатының депутаттары облысқа жұмыс сапарымен келді. Олар бүгін, ертең бірнеше әлеуметтік нысанда болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізеді.
Халық қалаулылары алдымен «World Green Company» ЖШС-нің жылыжай кешеніне барды. Онда жылына шамамен алты тоннадай көкөніс өсіріледі.
Бұл жылыжай Орал қаласында 2021 жылы ашылды. Нидерландтық технология бойынша жұмыс істейді. Жылыжай аумағы 12 гектар жерді алып жатыр. Мекемеде 200-дей адам жұмыспен қамтылған.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz