16.09.2023, 21:09
Оқылды: 95

Теректі ауданының 90 жылдығы аталып өтті 

Теректі ауданының 90 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Теректі – асыл мекенім» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

IMG-20230916-WA0049

Ақындар айтысына барлығы 6 жұп, яғни 12 ақын қатысты. Ауданға келген құрметті қонақтар мен ақындарды Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова қарсылап, қош келдіңіздер айтты. Өңірімізге танымал дәстүрлі әнші Дәурен Жұмағалиевтің шәкірттері домбыраны күмбірлетіп, қонақтарды мәдениет үйі алаңынан әсем әнмен күтіп алды.

IMG-20230916-WA0046

Аудандық мәдениет үйі залында ине шаншар орын болмады. Жалпы, Теректінің айтыс дегенде көңілі бөлек. Себебі, бабалардан қалған ұлы мұраны насихаттауда облыс бойынша ауданымыз көш ілгері тұр. Оған дәлел – жыл сайын Теректі төрінде өтетін ақындар айтысы.

IMG-20230916-WA0053

- Қазақтың төл өнері саналатын айтыс дегенде делебеміз қозып, жанымыз жадырап ақындарды тыңдайтынымыз ақиқат. Тоқсан жылдық тарихы бар Теректіні жырлауға бүгін облысымызға танымал айтыскер ақындар келіп отыр. Халық тартысты сөз додасын, әдемі теңеулер мен шұрайлы тіркестер күтеді. Ауданда айтыстың өтуі – теректіліктер үшін үлкен той. Осы сәтті өнерсүйер ағайын жыл сайын тосады. Олай болса, ақындарымызға аудан халқы атынан қош келдіңіз айтып, сәттілік тілейміз,-деді аудан басшысы Әлия Биғазықызы.

IMG-20230916-WA0040

Аудан тойының құрметіне өткізілген айтыстың тізгінін елімізге танымал ақын, жас жүйрік, Сырым аудандық «Сырым елі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ширмединұлы алды.

IMG-20230916-WA0052

Бауыржанның сөз саптауы, ыңғайы келгенде өлеңдетіп, төкпелетіп жіберуі халықтың одан сайын рухын оятып, еріксіз қошемет ұрғызды.

IMG-20230916-WA0055

«Теректі – асыл мекенім» атты облыстық айтыстың алғашқы жұбы Сырым ауданының абыройын арттырам деп келген Мақсат Тұяқ пен Бөрлі ауданының бөрісі Жарқынбек Шынтаев болды. Қандай болмасын ортада сөз бастау қиынның қиыны. Алғашында қос ақын сәл-пәл абдырағаны байқалды. Алайда, талай дода көрген жүйріктер Теректі сахнасына тез үйреніп, залды үйіріп әкетті.

IMG-20230916-WA0047

Құрамында ақын, журналист Бауыржан Халиолла, ҚР Білім беру саласының үздігі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз Дариға Мұштанова, облыстық "Орал өңірі" газетінің бас редакторы, Теректі ауданының құрметті азаматы, балалар жазушысы Бауыржан Ғұбайдуллин және Теректі аудандық мәслихат төрағасы, Мәдениет саласының үздігі Әлжан Нұрғалиев бар қазылар алқасы барлық ақынға бірдей жүлде тағайындап, 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады.

IMG-20230916-WA0039

IMG-20230916-WA0037 (1)

IMG-20230916-WA0043

IMG-20230916-WA0041

Айтысты қорытындылаған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова «Сырым семсері» ақындар айтысы биыл Теректіде өтетіндігін хабарлап, яғни төрімізге ақындар тағы бір мәрте орнығатынын тілге тиек қылды. Ендеше, айтыста жүздескенше, ағайын!

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале