16-17 қыркүйек күндері Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Батыс Қазақстан облысының атынан Жаңақала ауданының да шаруа қожалықтары жәрмеңкеден қалыс қалмай, өз өнімдерін ұсынды.
Атап айтсақ, жәрмеңкеге «Бірлік мал зауыты» ЖШС (Ешимов Қанат), «Дулат» (Борашев Қажымұқан), «Байрамгалиев» (Байрамгалиев Бақытжан), «Дастан» (Мирманов Гайнолла), «Еділ-Жайық» (Мамаев Жайық), «Саят» (Капанов Нұржан) шаруа қожалықтары атсалысты.
Астана қаласында тұратын жерлестеріміз туған жердің өнімдерін алып, ризашылықтарын білдірді.
Аруғаным Берікқызы
zhaikpress.kz