22.09.2023, 10:15
Оқылды: 57

Подстепный ауылында пікірсайыс турнирі өтті

Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылында  «Қазақстан бүгін және болашақта» атты британдық парламент форматында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

4029D012-C721-4ACF-AF1B-61BA7DD93BDE

Аталмыш шара Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «АСАР-ОРАЛ» жеке қоры мен Теректі колледжі «Ақиқат» дебат клубының ұйытқы болуымен өткенін айта кеткен жөн.

Қатысушылар қатарында Подстепный ауылдық округі әкімінің аппараты, БҚО дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, «Бәйтерек» бөбекжайы, Теректі колледжі жас мамандары және студенттері мен қоғамның белсенді жастары болды.

1AA982E9-9C52-40D4-AD3A-BDF1F4BC02F0

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып аясында өрбіген пікірталас қос кезеңнен құралды. Тінін тарқатсақ, іріктеу бөлімінен өткен 4 фракция, яғни Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты «89», «Алаш», қоғамның белсенді жастары «Бірлік» пен Теректі колледжі «Достық» фракциялары финалда бақ сынады.

AE190E76-3B17-4176-BD14-8C87022BB709

Сайып келгенде, «Достық» фракциясы I дәрежелі, «89» фракциясы II дәрежелі, «Алаш» фракциясы  III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңімпаз топтарға power bank, bluetooth-колонка, сымсыз құлаққаптар сынды сыйлықтар берілді.

FFF78F2D-CA24-4C8D-BB67-ADFBFAF15658

Ал «Бірлік» фракциясы «Үздік талпыныс» аталымын еншіледі.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале