Warning: session_start(): open(/tmp/sess_k48i8n0kt4e2f4n9l0isodpnbg, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Оралда Бөрлі ауданының мәдени күндері аяқталды - официальные новости ЗКО
22.09.2023, 21:09
Оқылды: 234

Оралда Бөрлі ауданының мәдени күндері аяқталды

Бүгін Атамекен өнер ордасында «Туған жерім – тұғырым» халық шығармашылығы фестивалі аясында ұйымдастырылған Бөрлі ауданы көркемөнерпаздарының «Мұнайлы Бөрлі мерекесі» атты концерті өтті.

IMG-20230922-WA0026

Қара алтыны мен көгілдір алау өндіретін Қарашығанақ мұнай кенішімен әлемге әйгілі байтақ мекен, облысымыздың мақтанышы бөрліліктердің концертіне халық көп жиналды.

IMG-20230922-WA0023

Шара барысында аудан қолөнер шеберлерінің көрмесі, аудан кәсіпкерлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.IMG-20230922-WA0029

Талай таланттың қанатын қатайтып, дарындыға рух берген қазыналы Бөрлі ауданы көркемөнерпаздарының мерекелік кешіне өнерпаздар тың дайындықпен келгені байқалады.

Гүлжамал Жолдығали, 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале