"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралызаңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің қаулысы бойынша ағымдағы жылдың 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында экологиялық айлық жарияланды. Осыған орай Жаңақала ауданында барлық мекеме қызметкерлері алдымен ғимараттар маңын тазалау жұмыстарын бастап кетті.
Одан әрі жоспарға сәйкес сенбіліктер жалғасын таба береді.
Ауыл тазалығы барлық тұрғындар үшін ортақ мәселе. Сондықтан тұрғындар өздері тұратын көшелерге бір кісідей ұйымшылдық танытып, сенбілік жүргізуге шақырамыз!
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz