25.09.2023, 15:45
Оқылды: 184

Алшын елін білеміз бе?

Біле жүріңіз!

Кіші жүзді мекендеген қазақ руларын ежелден «Алшындар елі» деп атағаны белгілі. Алшындар Орта жүзден Орал тауларына дейінгі аралық пен Торғай даласы және Батыс Қазақстан облысының жерін мекендеді.

жп су

Алшындар құрамында Әлімұлы 44 000 отбасына дейін, Байұлы 71 800, Жетіру 34 200 және уақтар 2 500 отбасы және адай, кете, шөмекелі, шекті, жағалбайлы тағы басқа кіші жүз руларынан тұрды.

Алшындардың этникалық және рулық құрамы негізінен үш рулық бірлестіктер алты ата Әлім, он екі ата Байұлы және жеті ата Жетірудан құралады.

Оның ішінде Байұлы - адай, алаша, байбақты, беріш, алшын, жаппас, масқар, таз, есентемір, шеркеш, тана және қызылқұрт руларынан тұрды.

Алты ата Әлім - қарасақал, қаракесек, кете, шөмекей, шекті және төртқара руларын құрады.

Жеті ата Жетіруға - кердері, жағалбайлы, табын, тама, рамадан, керейт және төлеу рулары кірді.

Тарихтан белгілі алшындар елін билеген хандар мен билердің есімдерін атасақ, олар Ахмет хан Жүнісұлы, Майқы би, Сейтқұл би Тоқпақұлы, Болпаш би, Әжібай би, Жиембет жырау, Әйтеке би Бәйбекұлы және басқалар.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале