25.09.2023, 16:30
Оқылды: 63

Ретинопатия: 3100-ден астам сәби диагностикадан өткен

Қазақстанның жетекші неонаталды офтальмологтары Қазақстанда ретинопатия салдарынан жаңа туған сәбилерде көру қабілетіне байланысты мүгедектіктің өсуі тоқталғанын растады. 

 

оф (1)

Бұл туралы 22-23 қыркүйек күндері Алматыда өткен «Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

Қазақстанда жыл сайын 22 000-нан астам шала туған нәресте дүниеге келеді. Толық соқырлықтың даму қаупі жоғары аймақта - 4000 бала бар. Оларда көз торының ауыр дерті - шала туған нәрестелердің ретинопатиясы анықталады.

2023 жылғы қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, қауіп аймағындағы шала туған нәрестелердің 3100-ден астамы немесе 78%-ы диагностикадан өткен.

Олардың ішінде 927 бала жоғары білікті офтальмолог дәрігерлерден уақтылы медициналық көмек алған.

оф (2)

Шала туған балалардың ретинопатиясын диагностикадан өткізу үшін кәсіби білікті дәрігер, мамандандырылған жабдықтар, офтальмоскоптар, ретинал камералар, офтальмологиялық лазерлер қажет.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, қайырымдылық қорларының қолдауының арқасында Қазақстанда шала туған сәбилердің ретинопатиясы проблемасы шешімін тапқан.

«Бала туғаннан бастап мүгедектік деңгейін төмендету үшін біздің алдымызда күрделі міндет тұрды.  Қысқа мерзім ішінде жаңа туған нәрестелердің барлығын диагностикалық құрал-жабдықтардың өткір жетіспеушілігі кезінде офтальмология скринингінен өткізу. «AYALA» қайырымдылық қоры мен «Қазақстан Халқына» қорының бірлесіп, өңірлерден түскен сұратулар бойынша офтальмоскоптарға деген қажеттілік жабылды. Балаларды медициналық тексерістен өткізу керек болса лазерлік түзету Астана мен Алматыда ғана емес, еліміздің жеті перинаталды орталығында жүргізіледі. Бұл ел үшін айтарлықтай жетістік. Жаппай офтальмология скринингін енгізу және лазерхирургиялық оталарды жүргізу жаңа туған нәрестелердің көру қабілетін дер кезінде диагностикадан өткізу мен емдеуді қамтамасыз етеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті Мағрипа Ембергенова.

Еліміздің 16 медициналық орталығына офтальмоскоптар, бес лазерлік қондырғы және бес ретиналды камералар берілді. Офтальмологтардың, қайырымдылық қорларының бірлескен жұмысы, қазақстандықтар мен демеуші компаниялардың қолдауы небәрі 1,5 жыл ішінде еліміздің ең кішкентай тұрғындарының көру қабілеті төмендеп кетпесі үшін үлкен серпіліс жасады.

оф (4)

«Осыдан бірнеше жыл бұрын жүздеген бала көру қабілетін жоғалтатын еді. Ата-аналар шетелде ретинопатияны емдеуге жіберуді сұрап, қайырымдылық қорларына бірнеше мәрте жүгінді. Өкінішке қарай, мұндай емделу әрдайым сәтті өтпеді. Себебі ең ерте кезеңде, туғаннан кейінгі алғашқы айда ретинопатияны тоқтату үшін қолайлы уақыт өтіп кеткен. Қазір елімізде шала туған нәрестелердің көз торы диагностика және лазеркоагуляциядан өткізіледі. Шала туған баланың ретинопатиясы індетінің тоқтауында кешенді тәсіл басты рөл атқарды. Бұл 15-тен астам балалар офтальмологының кәсіби біліктілігін арттыру. Ретинопатия бойынша ұлттық клиникалық хаттаманы оның бас әзірлеушісі - медицина ғылымдарының кандидаты Әсел Шарипованың бекітті, - деп атап өтті «AYALA» қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

«ДОМ» қоғамдық қорының және Аружан Саинның бастамасы арқасында ұзақ жылдар бойы балаларға шетелде ауыр, іс жүзінде қайтымсыз ретинопатия түрлерінде хирургиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазақстанда және елден тыс жерлерде неонаталды офтальмологтар үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары ұйымдастырылуда.

Елімізге алғаш рет әлемдік шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу бойынша жетекші мамандар - KIDROP бірегей бағдарламасын әзірлеушілердің бірі доктор Ананд Винекар және балалардың витреоретиналды хирургиясы бойынша ірі халықаралық сарапшы доктор Нихил Пал келді.

Үндістандық мамандар шала туған нәрестелердің ретинопатия проблемасын энтузиаст дәрігерлердің белсенді қатысуымен және қайырымдылық ұйымдарын қолдаумен мемлекет деңгейінде кәсіби тұрғыдан шешуге назар аударды.

оф (3)

«Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы соңғы жылдары ата-аналардың қорға өтініштері бойынша ең жиі кездесетін диагноз  Біздің «ДОМ» қоры жұмыс істеген уақытында 2369 балаға 3 751 ота, оның ішінде 2010-2023 жылдары 632 ретинопатия отасын төледі. Балалар Ресейдің, Үндістанның клиникаларына жіберіледі. Ол жерде офтальмолог хирургтер олардың көру қабілетін сақтап қалуға тырысады. Қазақстанда шала туған сәбилердің ретинопатиясы кезінде медициналық көмекті дамыту бастамашысы және хедлайнері Әсел Шарипова секілді дәрігерлер еңбек етіп, осы мәселені әр түрлі деңгейде ілгерілетуде. Бұл дарынды адамдар ауруды дер кезінде анықтап, біздің ең кішкентай пациенттерге ота жасайды. Ауруханаларды диагностика мен ота жасауға арналған жаңа құрал-жабдықтарды «AYALA» қоры алады. Бұл үшін оған алғысымыз шексіз», - деді Аружан Саин.

«Ерте туғандардың ретинопатиясы» жобасының бастамашысы және әзірлеушісі Әсел Үсенбайқызы  бұл мәселенің қазақстандық балалар офтальмологтарының кәсібилігі мен біліктілігіне, дәрігерлердің жанқиярлығына, олардың қиындықтарды еңсеруге және өсуге дайындығына сенетін кішкентай пациенттердің ата-аналары тарапынан саналы түрде қатысуы мен дұрыс қабылдауының, сондай-ақ қайырымдылық қорларының қолдауының арқасында еліміздегі балалар соқырлығы проблемасын шешуде осындай керемет нәтижелерге қол жеткізілді деп санайды.

«Осы себептен ғана біз шала туған сәбилердің ретинопатиясы проблемасын өлі нүктеден жылжытып, Қазақстандағы әр шала туған баланың осындай қысқа мерзімде көру қабілетін сақтап қала алдық», - дейді әсел Шарипова.

Айта кетейік, «AYALA» қайырымдылық қоры – Қазақстандағы неонатологияға маманданған жалғыз қайырымдылық қоры.

16 жыл ішінде қор 2,7 млрд теңгеден астам қаражатты перинаталды орталықтардың, балалар ауруханалары мен ғылыми орталықтардың 67 реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтауға бағыттады. Бұл 2007 жылдан бері Қазақстандағы жүздеген мың баланың өмірін сақтап қалуға көмектесті.

Наталья Еськова,

коммуникациялар жөніндегі вице-президент

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале