26.09.2023, 9:00
Оқылды: 11

Қазақстандық мергендер Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Ханчжоудағы Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысы аяқталды. Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орын иеленді. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

8da9f185-4cab-473e-9158-657ad5033815
Медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған болатын.

1cdc104f-c8b7-40fd-a949-e3c34c9d641c
«Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале