26.09.2023, 12:45
Оқылды: 53

Казталов ауданы: бөлімге жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымымен кездесті. Жиында аудан әкімі ұжымға жаңа басшыны таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

20230926034735_IMG_8193

Әлия Жақсыбаева Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 4-тармағына және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №01/1463 келісіміне сәйкес аудан әкімінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі №203-ө өкімімен Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

20230926034723_IMG_8189

Әлия Нәсіпқалиқызы 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Пятимар ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1985 жылы Орал педагогикалық колледжін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы және 1990 жылы Гурьев педагогикалық институтын «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985-1986 жылдары Фурманов балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастаған.

1986-1993 жылдары Фурманов орта мектебінің тәлімгері, бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды.

1993-2010 жылдары Ғ.Молдашев атындағы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры болып еңбек етті.

2010-2012 жылдары Казталов ауданының білім беру бөлімінің басшысы, бас маманы, 2012-2019 жылдары Казталов орта жалпы білім беретін мектебінің директоры лауазымын атқарған.

2019 жылдың қазан айынан бастап осы күнге дейін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале