26.09.2023, 14:45
Оқылды: 81

Жалпақтал ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Бүгін Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов Жалпақтал ауылдық округінің активімен кездесті. Жиында аудан әкімі округтің жаңа әкімін таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар округ активімен бірге округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін талқылады. Ал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов округ әкіміне куәлігін табыс етті.

20230926050651_IMG_8217

Ғаділбек Әлібеков Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабының 1-тармағына және Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі сайланған әкімін тіркеу туралы Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Жалпақтал ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

20230926050641_IMG_8214

Ғаділбек Әлібекұлы 1976 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

 1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «ветеринария» мамандығы және 2003 жылы Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандағы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ветеринарлық клиникасында жұмысшы қызметінен бастаған;

- 1996-1998 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ветеринарлық клиникасында күзетші;

- 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Казталов аудандық аумақтық басқармасында малдәрігерлік инспектор;

- 2006 жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Казталов аудандық аумақтық басқармасының Қараөзен селолық округі бойынша ветеринарлық инспектор;

- 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Казталов аудандық аумақтық басқармасының Қараөзен ауылдық округі бойынша ветеринарлық инспектор;

- 2007-2009  жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық инспектор;

- 2009-2011 жылдары Казталов ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі;

- 2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының ветеринарлық бөлімінің бас маманы;

- 2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы;

- 2017-2020 жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Бөкей ордасы аумақтық инспекциясының басзшысы;

- 2020-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының Орал қалалық ветеринарлық станциясының директоры

- 2022 жылдың тамыз айынан бастап Казталов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале