БҚО-ның киберпол қызметкерлері алаяқ әйелді ұстады.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының 1985 жылғы тұрғыны 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап 2023 жылғы қаңтар айы аралығында БҚО тұрғындарын Атырау қаласына жұмысқа орналастырамын деген себеппен ақшаларын қалтасына басып, алдап келген.
Бүгінгі күні аталған әйелдің үстінен полиция қызметіне жеті батысқазақстандық тұрғын арыз түсірген.
Жалпы келтірілген шығын - 950 мың теңге.
Алаяқ әйел ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес Орал қаласындағы ПБ УҰИ-ға қамауға алынған.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
zhaikpress.kz