Бүгін Сырым ауданындағы орталық алаңда Қаратөбе ауданының құрылғанына 95 жыл және Күнбатыс Алаш съезінің өткенініне 105 жыл толуына орай кәсіби және әуесқой спортшылар арасында «Алтын ғасыр» жартылай марафонының ашылу салтанаты өтті.
Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов құттықтау сөз сөйледі.
- Сырым Датұлы атындағы өлкетану мұражайының жәдігерлерін, «Алаш» туын Қаратөбедегі Қайыржан Хасанов атындағы музейге салтанатты түрде табыстаймыз. Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз, - деді Қайрат Нұржанұлы.
Алаш зиялыларының «Алаш» туын Сырым ауданынан - Қаратөбе ауданына ҚР ұлттық спорт түрлерінен VI республикалық фестивалінде аударыспақтан ІІ орын иегері, облысымыздың аударыспақ жарысынан бірнеше мәрте жеңімпазы Абай Абдрахманұлы жартылай марафонға қатысушыларға сәттілік тілеп, салтанатты түрде Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, қол күресінен бес дүркін әлем чемпионы Ержан Ерболатұлына табыстады.
Жартылай марафонға қатысушы кәсіби және әуесқой спортшылар Амангелді Ғұбайдуллин атындағы аудандық балалар саз мектебі алдында күтіп тұрған мото шерушілерге дейін жүгіріп, қолдау көрсетті.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz