27.09.2023, 10:30
Оқылды: 47

Орал қаласының тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол ережесін бұзған

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Suncar smart qorgau» жүйесінің көмегімен облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзған «Toyota Camry» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші анықталған.

Полиция ЖП

Қыркүйектің 26-сы күні Оралдағы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатқан.

Автокөлік жүргізушісі 1980 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Тексеру барысында аталған көліктің 23 мен 26 қыркүйек аралығында жол қозғалысы ережесі 23 рет бұзғаны анықталған. Айыппұлдың жалпы сомасы - 569 мың теңге. Жүргізуші айыппұлды оңайлатылған тәртіпте 50%-ын өтей алады.
Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

Айта кету керек, 18-22 қыркүйек күндері жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету мақсатында БҚО-да «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Бес күн ішінде құқық бұзушылардан жалпы 31 млн.770 мың теңгеге 2 мыңнан астам айыппұл (2087) өндірілген.
«Suncar smart qorgau» жүйесін қолдана отырып, мамандандырылған тұраққа (ӘҚБтК 785, 797-баптарына сәйкес) жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қаскүнем құқық бұзушылардың 25 көлігі тұраққа қойылған.

Сіз төменде көрсетілген порталдардан айыппұлдардың бар жоғын тексере аласыз:
- Қазақстанның электрондық үкіметі (egov.kz);
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Ақпараттық сайты (qamqor.gov.kz);
- Қазпошта сайты (post.kz);
- сондай-ақ банктерде және онлайн-банкинг ресурстарында.
Айыппұлды екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» филиалдары арқылы не онлайн-банкингтің мобильді қосымшасында төлей аласыз. Бұл ретте «ӘҚББТ» жүйесіне автоматты интеграциялау үшін төлем жүргізілетін хаттаманың нөмірі көрсетілуі қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале