27.09.2023, 17:00
Оқылды: 58

Орал әуежайында аэродром жұмысы уақытша тоқтатылады

Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайындағы жүру жолы жабынына ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Бұл шара ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалмақ. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметінің басшысы Айнагүл Сакпусунова хабарлады.

аэропорт

Жөндеу 8 қазан түнгі екіден 10 қазан сағат таңғы үшке дейін, сондай-ақ 12 қазан түнгі бір жарымнан күндіз сағат беске дейін (резервтік күн) жасалады. Осыған байланысты әуе кемелерін қабылдау және шығаруға арналған әуеайлақ жабылады. Бұл әуе кемелерін пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Жөндеу мерзімі қолайлы ауа райы жағдайлары кезеңі, сондай-ақ әуежайда ұшатын рейс санының аз болатын уақыты ескеріліп жоспарланған. Мұнымен қоса Оралға рейс жасап жүрген әуекомпаниялармен де келісілген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале