28.09.2023, 12:45
Оқылды: 51

ҰҚК Батыс Қазақстанда діни радикалды ұстады

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

b6acc3bb5e280e2f85b1b1ae1ec8aec6_1280x720

Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктеліп отыр.

Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталғаны анықталған.

Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале