29.09.2023, 15:00
Оқылды: 19

UFC жекпе-жектеріне шығып жүрген қазақстандық спортшы жарақат алып қалды

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев жарақат алып қалды. Бұл туралы спортшы instagram желісіндегі сторисінде хабарлады. 

146c4a71-6e8a-466f-a374-734880e1c3bd

Фото: UFC

- Кішкене қолымыздан жарақат алып қалдық. Тренировканы тоқтата тұрамыз, - деді спортшы оқырмандарына.

Асу сол қолынан жарақаттанған.

Қазақстандық спортшы қазіргі таңда әлемге танымал UFC ұйымымен келісімшартта. Алғашқы кездесуінде ямайкалық файтер Оди Осборнды екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп шыққан болатын.

 

Ө. Сансызбай,

massaget.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале