Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 шақырым жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға(1:51:49) бұйырды.
Тағы бір отандасымыз Темірлан Теміров 6-орынға табан тіреді.