29.09.2023, 12:00
Оқылды: 49

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан бес азаматқа 1,1 миллиард теңгеден астам қаражатқа дәрілік заттар алынған

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан бес азаматқа 1,1 млрд теңгеден астам қаражатқа дәрілік заттар алынған.

ЖП ақша
Бұл қордың ең ірі бағдарламасы - өмірге қауіп төндіретін және сирек кездесетін аурумен ауыратын науқастар үшін дәрілік препараттарды сатып алу қағидасы бойынша жасалған жұмыс. Ал екі науқас Ресей мен Түркия еліне жолдамамен ем алуға жіберіліпті. Олардың еміне деп қордан 26,8 млн теңге  төленген. Бұдан бөлек Орал қаласындағы Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 66,2 млн теңгеге медициналық жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Диас Бейсенбек мәлімдеді.
Бұдан бөлек БҚО-да алты адамға 44,1 млн теңгеге протез алынған. Ал 241,2 млн теңгеге Ақжайық орталық аудандық ауруханасында бір оңалту орталығын ашу жоспарланып отырған көрінеді.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале