6.10.2023, 17:59
Оқылды: 272

Ыстық судың пайдасы және ішу тәртібі

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында ыстық су ішудің пайдасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

image_b

Фото: pixabay.com

Ұлжалғас Сманованың айтуынша, ыстық су ішудің мынадай пайдалы тұстары бар:

Өтті сұйылтады, өт қабын тарылудан, бітелуден, қисаюдан қорғайды;
Асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсартады;
Асқазан қышқылдылығын қалыпта ұстайды;
Ішекті, асқазанды түрлі қалдықтардан тазалайды;
Ауыз қуысынан бастап іштегі микробатарды өлтіреді;
Зат алмасу процесін реттейді;
Қанды тазартады;
Ішқатуды жояды.

Ыстық суды қалай ішу керек?

Алдымен сүзгіден өткен таза суды ысытамыз. Қайнатпаймыз. Жай ғана ысытамыз;
Судың температурасы ауыз бен таңдай күймейтіндей (шамамен 40-50°C) болуы керек. Қатты ыстық су қауіпті. Өйткені өңеште жүйке рецепторлары жоқ. Сондықтан күйіп қалса да сіз сезбей қалуыңыз мүмкін;
Ыстық суды (ашқарынға 1-2 стақан) жаймен ғана ұрттап ішу керек;
Суыңызға аздап лимон сығындысын қоссаңыз, суыңыз пайдалы бола түседі.

А.Жапатова,
Massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале