3.10.2023, 10:15
Оқылды: 44

Ұлттық ұланның батысында инспекторлық тексеріс басталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы төрт жылда бір келетін инспекторлық тексерістен өтуді бастады.

PHOTO-2023-10-03-08-36-00
Инспекторлық тексеріске Атырау, Ақтау, Орал қалаларында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдері қатысады.

PHOTO-2023-10-03-08-36-08
Инспекторлық тексерістің мақсаты Ұлттық ұлан әскерінің жауынгерлік дайындығының жай-күйін, әскери қызметшілердің даярлығын, кәсіби шеберліктерінің деңгейін анықтау.

PHOTO-2023-10-03-08-36-14
Тексеріс кезінде әскери қызметшілер саптық, тактикалық, дене және атыс дайындығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография бойынша және тағы да басқа негізгі пәндерден сынақ тапсырады.

PHOTO-2023-10-03-08-36-22
Айта кетейік инспекторлық тексерісті Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығынан арнайы құрылған комиссия мүшелері жүргізеді.

Инспекторлық тексеріс қазан айының 2 – 12 күндері өтеді.

Ертуған Әубәкір,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале