3.10.2023, 10:30
Оқылды: 142

Көпшілік жүгіру марафоны өтті

Оралдағы мәдениет және демалыс саябағында, Шаған өзенінің жағасында күзгі көпшілік жүгіру жарысы өтті. Таңертең сағат 9:00 шамасында сол маңнан табылған әуесқой жүгірушілер қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылған бұл спорттық іс-шараға тыңғылықты дайындалған.

a4f8ca02-7aa5-4e12-8f67-d4e4e12d9d0d

– 1 қазан – Халықаралық қарттар күні екенін білесіздер. Дәл осы күні жыл сайын қайырымды­лық айлығы басталып, көптеген игі жоба жүзе­ге асырылады. Соның бірі – бүгінгі жүгіру жарысы. Осы жарысқа қатысу үшін ерте келіп, белсенділік танытқандарыңыз үшін мың алғыс. Саламатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосып келесіздер. Бұқаралық спортты кеңінен тарату бағытында облыс орталы­ғында өткізіліп жатқан басқа да спорттық шараларға куә болып жүрсіздер. Спортпен шұғылдануға ниеттенгендер саны артып келеді. Біз сол үшін шын қуанамыз, – деді марафонның ашылу салтанатында сөз алған Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов.

«Aqjaiyq runclub» желаяқтар клубының құрылтайшысы Рустам Бекқалиевтің мәлімдеуінше, жарысты қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Орал» спорт клубы мен аталған желаяқтар клубы бірлесе ұйымдастырса, «ForteBank» Орал филиалы, «Shelpek» асханасы, «Mega sport» спорттық тамақтану дүкені демеушілік білдірген. Сонымен бұл көпшілік жүгіруге жалпы саны 200 әуесқой жүгіруші қатысты. Оның 92-сі 2,5 шақырым қашықтыққа, 108-і 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Үлкені де, кішісі де бар күшін салып, мәре сызығын бірінші кесуге асықты. Айта кету керек, бұл марафонға жүгіруге ниет білдіргендердің барлығы тегін қатысты.

ade615ad-322f-48af-b415-c59a4f46d2dd

Қорытындысында 2,5 шақырым қашықтық бойынша ерлер арасында Бейбарыс Ізғали, әйелдер арасында Жазира Сүйесінова алдына жан салмады. Ал 5 шақырым қашықтық бойынша ерлер арасында Жарас Айтуаров, әйелдер арасында Айман Сәрсенғалиева жеңімпаз атанды. Фарит Халимов пен Любовь Трофимовна «Ардагер қатысушы», ал Нұртілеу Ерболатов пен Владислав Ильев «Ең жас қатысушы» аталымына ие болды. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов жүлдегерлерге дипломдар, медальдар, ақшалай сертификаттар, естелік сыйлықтар табыс етті. Одан бөлек, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан басқа да қатысушыларға сый-сияпат көрсетілді.

– Керемет көңіл күймен күздің жайма-шуақ күнінде 5 шақырымды оңай бағындырдым. Осындай марафондар көптеп ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болар еді. Мен 46 жастамын. Орал қаласындағы А. Макаренко атындағы №6 мектепте мұғалім болып қызмет атқарамын. Жүгірумен шұғылданып жүргеніме 10 жылдан асты. Кейінгі 5 жылда түрлі деңгейдегі жарыстарға, трейл-марафондарға үзбей қатысып келемін. Маған бұл спорт түрі қатты ұнайды. Өйткені жүгіру – физикалық жаттығуларды жеңіл орындауға мүм­кіндік береді, әлсіздікті, жалқаулықты жеңуге көмектеседі, өмірге деген көзқарасыңды өзгертеді. Ұлым Темірлан (студент) мен қызым Томирис (оқушы) те жүгіруге бет бұрып, марафондарда бой көрсетіп жүр, – деді әуесқой жүгіруші Нұрлан Темірғалиұлы.

Марлен Мәлікұлы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале