4.10.2023, 9:15
Оқылды: 47

Қайырымдылық айы: өнер фестивалі өтті

Қайырымдылық айына орай Бәйтерек ауданының орталығы Переметныйда аудандық өнер фестивалі өтті. Оған сегіз ауылдық округтен 20 мүгедектігі бар адам қатысты.

IMG-20231004-WA0014

- Қазан – қариялар, қамқорлық айы. Аға буын өкілдерін, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында жылдағы дәстүрге сай түрі іс-шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі – өнер фестивалі. Тағдырдың тәлкегіне түссе де мойымай, алдына мақсат қойып, соған жету үшін еңбектеніп жүргендерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған бүгінгі іс-шарада сіздерді көріп тұрғаныма қуаныштымын. Жаңа көрмеде қолдарыңыздан шыққан түрлі өнімді көрдік, сахнада өнерлеріңізді тамашаладық. Осыдан-ақ сіздердің қол жайып қарап отырмағандарыңызды көруге болады. Мемлекет тарапынан мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары жүзеге асып жатыр. Тек мемлекетке арқа сүйемей, өздеріңіз де еңбектеніп жүргеніңіз көпке үлгі. Әр уақытта жақсылыққа, еңбекке ұмтылып жүрген сіздердей жандарды көріп риза болатынымыз рас. Басталып жатқан қайырымдылық айымен сіздерді құттықтап, өздеріңізге, отбасыларыңызға, айналаңыздағы туыстарыңызға, достарыңызға амандық тілеймін, - деген аудан әкімі Марат Тоқжанов түрлі аталым бойынша үздік атанғандарды марапаттады.

IMG-20231004-WA0011

Мәселен, эстрадалық вокал аталымында дарияндық Рустам Кулкаев, музыкалық аспапта орындауда Көшім ауылдық округінен келген Бисенғали Әлжанов, қолөнерде Дариян ауылының тұрғыны Елена Свинцова бас жүлде алды. Олар енді қазан айының соңында Оралда өтетін облыстық фестивальда аудан намысын қорғайды.

IMG-20231004-WA0017

Фестиваль соңында шараға қатысқан барлық мүмкіндігі шектеулі жанға сый-сияпаттар беріліп, оларға арнап мерекелік дастархан жайылды.

IMG-20231004-WA0016

 

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале