5.10.2023, 11:15
Оқылды: 70

Әр тиын есептеулі

Орал қаласының прокуратурасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Орал қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын тексеру барысында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда бірқатар заңбұзушылық анықталды.

ЖП ақша 2

14 азамат грант қаржысын мақсатты пайдалануды растау үшін туыстарынан ұсақ мал сатып алғандары туралы жалған тауарлық чектер ұсынған. Іс жүзінде үй жануарлары бұдан бұрын сойылғандықтан,  есептен шығарылған. Сондай-ақ бизнес-жобаның негізгі мақсатына сәйкес кәсіпкерлікпен  айналыспаған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша 8 гранттың иегерінен 5,1 млн теңгені өндіріп алуға сот шешімі шықты.

Екі қатысушы 2,4 млн теңгені қайтару туралы бітімгершілік келісімдер жасады. Одан басқа 4 адам берілген грант қаржысын ерікті тәртіппен мемлекеттік бюджетке өтейді. Бүгінгі таңда 6 грант иегері мемлекеттік бюджетке іске асырылмаған 4 млн теңгеден астам грант қаржысын бюджетке қайтарды.

                Гүлнәр Шәңгерей,

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале