12.10.2023, 15:45
Оқылды: 97

Батыстың бас үгітшісі

Батыс Алашорда қозғалысының белді өкілінің бірі - Шайхы Жантілеуов 1898 жылы Орал облысы Жымпиты уезінің Өлеңті болыстығында дүниеге келген.

жп дала

Алғашында болыстық орыс-қазақ мектебін, Жымпитыдағы орыс-қазақ Романов училищесін, содан соң Орал мұғалімдер семинариясын бітірді.

Ш.Жантілеуов 1917 жылғы сәуірде өткен бірінші Орал облыстық сиезіне және 1918 жылы мамырда Жымпитыда өткен ІУ Қазақ Орал облыстық сиезіне қатысқан адам.

Ол 1919-1921 жылдары облыстық «Қызыл ту» газетінің алғашқы редакторларының бірі. Облыстағы үгіт-насихат жұмыстарының бас идеологы, Орал губерниялық комитетінің үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Ал 1922-1930 жылдары республиканың Семей, Сырдария және Алматы облыстарында үгіт-насихат, жер комитеті және облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

1933-1937 жылдары Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасының Халық ағарту комиссарияты төрағасы Т.Жүргеновтың орынбасары болып қызмет атқарды. Қазақ мәдениеті мен ағарту ісіне мол үлес қосқан қайраткерлердің бірі.

1937 жылы «халық жауы Т.Жүргенов тобына қатысушы» деген айып тағылып, КСРО Жоғары соты Әскери коллегиясының қаулысымен 1938 жылдың 26 ақпанында атылған.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале