Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Азат Каппанов республикалық «Ел үміті CUP 2023» дебатында «Үздік спикер» атанып, командалық ойында 2-орынды иеленді. Ағылшын лигасы бойынша алғырлық танытқан жас пікірсайысшы Сербия мемлекетінде өтетін халықаралық додаға жолдама алды.
Азат Астана қаласында өткен гранд-турнирде шаһарымыздағы Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысымен бірге бір командада сайысқа түсті.
– Бұл турнирге бір ай бойы дайындалдым. Қазақстанның әр түкпірінен ең мықты деп іріктелген 40 шақты пікірсайысшы жиналды. Оның ішінде озық атану – мен үшін үлкен жетістік. Еліміздегі және жастар арасындағы өзекті тақырыптарды қозғадық. Әрине, сабақпен қоса бұл сайысқа әзірлену оңай болмады. Алдағы уақытта халықаралық деңгейде өтетін ағылшын лигасында ел намысын қорғауға бар күшімді саламын, – дейді «Үздік пікірсайысшы».
Айта кетейік, мектебімізде «Парасат» дебат үйірмесі жемісті жұмыс істеп келеді. Азат – аталған үйірменің белсенді мүшесі.
Орал қ.аласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз қызметі