13.10.2023, 11:30
Оқылды: 40

Алаш қозғалысының жанашыры

Батыс Алашорда қозғалысының жанашыр қайраткері Ғаббас Жетпісов Орал облысы Ілбішін уезінде туған. Алғашында болыстық орыс-қазақ мектебін, үш кластық Романов орыс-қазақ мектебін және Орал реальдық училищесін бітіреді.

жп дала

1917 жылғы Ақпан революциясынан соң бірден Б.Қаратаев, А.Әбеновтермен бірге Жайық сырты қазақтарын басқару жөніндегі азаматтық комитетті ұйымдастыруға атсалысады.

Сондай-ақ 1917 жылғы сәуірде өткен бірінші Қазақ Орал сиезін ұйымдастыруға қатысып, сиездің хатшысы болып сайланады. Сонымен қатар Ж.Досмұхамедов басқарған әскери-далалық сот төрағасының орынбасары болады.

1918-1919 жылдары азамат соғысы кезінде Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, М.Ипмағамбетов тобына келіп, Жетпіспаев және Ж. Досмұхамедовтер арасында бітімгершілік қызмет атқарып екі жақтың ымыраласуына себепкер болады.

1920 жылы Батыс Алашорда таратылған соң, жергілікті жерлерде ауылды кеңестендіру ісіне қатысып, түрлі мекемелерде сот және прокуратура саласында қызмет етеді.

Кейінгі 30-шы жылдардағы қуғын-сүргін кезінде Ғ.Жетпісов «алашордашыл» деген айыпқа ілігіп, 1937 жылы тұтқындалып, Батыс Қазақстан облысының Әскери үштігінің қаулысымен 1938 жылы атылады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале