13.10.2023, 16:30
Оқылды: 58

Қариялармен кездесті

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов Ұзынкөл ауылының қарияларымен жүздесті. Дастархан басында сөз алған аудан басшысы қарттардың деніне саулық тілеп, аудан көлеміндегі жұмыстарға тоқталып, ақыл-кеңестері һәм баталары аса қажет екенін жеткізді.

IMG_2774

- Жас ұрпақты түзу жолға бағыттап, дәстүрдің дара жолы мен адами қасиеттер туралы үнемі еске салып жүретін қарттардың орны әрқашан бөлек болады. Шаңырақтың ұйытқысына айналған жандардың бір-ақ ауыз сөзі бүкіл ғұмырымызға азық. Сіздерді бір күн төңірегінде ғана емес, мерекеден бөлек күндерде де риясыз сыйлап, құрметтей білуіміз керек. Себебі ұрпақ үшін талай бейнетті өткерген ата-әжелерімізді мәңгі қадірлеу – парыз, - деді аудан әкімі Тимур Серікұлы

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиланың төрағасы Амангелді Уәлиев қарияларды мерекемен құттықтап, өз тілегін арнады.

Ұзынкөлдік қарттардың ішінен лебізін білдірген сексеннен асқан Қымбат Дәуешева шараның мақсатын айшықтап, қарияларды елеп-ескерген аудан басшыларына алғысын айтып, батасын берді. Бүгінгі таңда аудан бойынша мыңнан астам қария ғұмыр кешіп жатыр.

 

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале