16.10.2023, 11:30
Оқылды: 52

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады

 17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды zhaikpress.kz Президенттің баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

1667547149_DSC_1939_2 1-12

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале