18.10.2023, 9:30
Оқылды: 56

Қазақстан - БАӘ: 37 миллион доллардан астам қаражатқа келісімшарт жасалды

Қазақстандық тауар өндірушілердің Дубайға сауда-экономикалық миссиясы барысында 37 млн доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасалды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

5f9a5daf047aa2460d5edfd26ed70d42_1280x720 

Қазақстан мен БАӘ 30 жыл бойы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып келеді. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев іскерлік келіссөздердің ашылуында атап өткендей, өзара инвестициялардың көмегімен елдеріміз экономикалық дамуды нығайтты және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

«Қазақстан Президентінің БАӘ-мен сауданы ұлғайту жөніндегі міндетін орындай отырып, біз серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейтеміз және бизнеске елдеріміздің сауда нарықтарына шығуға жәрдемдесеміз. Орта мерзімді перспективада қазақстандық компаниялар Шығанақ еліне 440 млн долларға 90-ға жуық тауар түрін жеткізуге дайын», - деді Қайрат Төребаев.

Бұл металлургия және химия салаларының өнімдері, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік құралдары, құрылыс материалдары және фармацевтика.

Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Менилбековтің айтуынша, Әмірліктер Таяу Шығыстағы еліміздің басты серіктесі болып табылады. Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін бізде барлық қажетті жағдайлар бар. Жақын арада біздің елдеріміздің алдында тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайту міндеті тұр.

БАӘ нарығы Қазақстан үшін тартымды. Ол біздің елімізде шығарылған тауарлар үшін басым экспорттық бағыттар тізіміне енгізілген. 2022 жылы қазақстандық кәсіпкерлер БАӘ-ге 560,3 млн долларға өнім экспорттады.

Дубай Сауда-Өнеркәсіп палатасының президенті және бас атқарушы директоры Мұхаммед Әли Рашед Лута Біріккен Араб Әмірліктері бүгінде Қазақстанның Араб өңіріндегі стратегиялық сауда-экономикалық серіктесі болып табылатынын қанағаттанушылықпен атап өтті.

«Біздің екіжақты сауда қатынастарымыз нығайып келеді. Соңғы 7 жылда Дубайда қазақстандық компаниялардың саны екі есеге артты. Бұл үрдіс жалғасады деп үміттенеміз, өйткені БАӘ екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін жұмыс істеуде. Дубай Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Батыс Азия нарықтарына шығудың негізгі қақпасы ретінде қызмет етеді. Ел Үкіметі мен әмірліктің палатасы елімізде бизнесті бастау мен жүргізуді барынша жеңілдетуге ұмтылуда», - деді Мұхаммед Әли Рашед Лута Қазақстанның іскер қоғамдастығына құттықтау сөзінде.

Отандық өндірістің органикалық ауылшаруашылық тауарлары Шығанақ елдерінің нарығына шығу үшін үлкен әлеуетке ие. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Әмірліктерге экспорттық ет жеткізу 8 есеге өсті.

B2B-кездесулердің нәтижелері бойынша жасалған экспорттық келісімшарттардың жалпы сомасы 37 млн доллардан асты. Биоқосымшаларды, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, минералды су, кондитерлік өнімдер, микросфералар, сондай-ақ IT-қызметтер саласында жеткізуге уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Дубайдағы сауда-экономикалық миссиясына 30 қазақстандық тамақ өнімдерін өндіруші, химия өнеркәсібі, IT-қызметтерді жеткізушілер және басқалар қатысты. Олардың барлығы шағын және орта бизнес өкілдері. Іскерлік сапар аясында кәсіпкерлер Carrefour және Lulu Group ірі сауда желілеріне, Qazaq Gourmet ет дүкеніне барды, дистрибуция және IT саласындағы сарапшылармен кездесті, Дубайдағы маркетплейстер мен фулфилмент-орталықтың егжей-тегжейімен танысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале