17.10.2023, 16:15
Оқылды: 23

БҚО-да полиция қызметкерлері бірнеше үйге ұрлыққа түскен күдіктіні қолға түсірді

БҚО-да полиция қызметкерлері бірнеше үйге ұрлыққа түскен жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

IMG-20231017-WA0180

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығы аумағында бірнеше үйді тонаған 35 жастағы қала тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Күдікті азаматты ұстау кезінде одан бірнеше заттай айғақтар: банкомат карточкалары, жәбірленушілердің телефондары табылып, тәркіленді.

Күдікті 21 қыркүйекте қаладағы Воин-интернационалистов көшесінің бойындағы үйлердің бірінен 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты және банкомат карточкаларын ұрлап кеткен.

Сондай-ақ аталған күдікті Деркөл ауылындағы үйлердің бірінен ақша, телефон және әшекей бұйымдарды қолды қып кеткен.

Шығын 265 мың теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек қазанның 15 күні дәл сол күдікті азамат Кердері көшесіндегі үйден құны 1,5 миллион теңге болатын алтын бұйымдар мен банкомат карточкаларын жымқырып кеткен.

Күдікті үйлерге пластикалық терезелерді майыстырып кірген.

Ұсталған азамат Орал қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес 3 эпизод бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале