19.10.2023, 13:00
Оқылды: 111

Оралда спорт шеберлеріне куәлік табысталды

Оралда Республика күні мерекесі қарсаңында Әлем және Азия чемпионаттарында каратэ-до кёкушинкайдан үздік нәтиже көрсеткен спорт шеберлеріне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің куәлігі және төсбелгілері берілді.

спорт (5)

Куәлікті және 500 мың теңгенің сертификатын облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов табыстады.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып келеді. Жалпы спорттың қандай түрі болмасын баланы сабырлы, төзімді болуға тәрбиелейді. Каратэнің бірнеше түр бар. Өңірімізде алдыңғы қатарда дамып келе жатқан түрі - каратэ-до кёкушинкай. Жаттықтырушы құраманың сапасы да жоғары. Оған балалар жеткен жетістіктер дәлел. Республикадан бөлек әлем додаларының төрінен көрініп жатыр. Каратэ-до кёкушинкайдың облыстағы федерация президенті Әлібек Чапайұлының да еңбегі зор. Баларды жетістігі – сіздің де жетістігіңіз. Сізге алғыс айтамын, - деді Бақытжан Хаберұлы.

спорт (1)

Айта кетейік, облыста каратэнің аталған түрімен 1700-ден астам бала мен ересек кәсіби түрде айналысады. 25 мамандандырылған зал болса, оның ішінде сегізі ауылда орналасқан.

Федерация жылына 40-тан астам спорттық шараға қатысады. Спортшылар республика және әлем чемпионаттарында үздік нәтиже көрсетіп жүр.

спорт (4)

Өңірімізде аталған спорт түрінен бес халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 - Қазақстан республикасының шебері, 50-ден астам спорт шеберіне үміткер бар.

Бүгінгі шарада Эльнара Тоғызбаева, Нұргүл Сапарова, Шайнур Садықов, Гүлзия Өмірзақова, Айназ Машеноваға «Спорт шебері» куәлігі берілді.

спорт (3)

Шарада БҚО каратэ-до кёкушинкай федерациясының президенті Әлібек Қадырбеков федерацияның көш бастап келе жатқандығын айтып, ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Бақытжан Нарымбетовке төсбелгі мен алысхат табыстады.

спорт (10)

Жиында спортшылардың ата-аналары да марапатталды.

спорт (8)

Атап айтсақ, Ляззат Шағатай, Гүлдерайым Қайыршақова, Жәнібек Дәулетов, Алтынай Бимаганова, Саясат Молдағалиевті Бақытжан Нарымбетов өз атынан алғысхатпен марапаттаса, Ренат Нұрадинов, Ұлмекен Дисенова, Гүлайым Молдағалиева, Нұрсұлу Шаханова, Гүлхат Аймуховаға дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллиннің атынан алғысхат берілді.

Динара Насыр,

фотоға түсірген Әділет Ғабдрешев

zhaikpress.kz

спорт (2) спорт (6) спорт (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале