Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің жауынгерлері, қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп өзімен пышақ алып жүрген ер кісіні құрықтады.
Ағымдағы жылдың 18 қазанында кешкі сағат 20.15 шамасында 5517 әскери бөлімінің әскери жасақ бастығы қатардағы Қадыржан Танагузов, өзінің серіктесі қатардағы Никита Чувильскимен бірге өздеріне берілген аумақта қала тыныштығын қамтамасыз етіп жүреді.
Ұландықтар жауынгерлік қызметтерін атқару барысында әскерилерді көріп, жасырынып қалмақшы болған күдікті ер кісіні байқап қалады. Ұландар өздеріне күдік туғызған ер кісінің қасына жақындап келіп өздерін таныстырып, сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тінту жұмысы барысында күдіктіден ұзын жүзді пышақ табылады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша Орал қаласының полиция басқармасында тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
Ертуған Әубакир,
Капитан