Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев алтын құрсақты, алты баланың анасы бұлдыртылық Риза Бекжановаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыс етті.
Риза Серікқызы отағасы Ербол Бекжановпен екі ұл, төрт қыз тәрбиелеп отырған еңбекқор, өнерлі, үлгілі отбасы.
Қызметі мен бала тәрбиесін қатар алып жүрген ана балаларының жақсы білім алуына және тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп, түрлі спорттық, мәдени байқауларға қатысуына қолдау көрсетіп отырады.
Үлкен ұлы Темірхан Орал қаласындағы Агроколледждің 4-ші курс студенті. Мектеп қабырғасында жүріп еркін күреске қатысып, бірнеше дүркін облыс, республика деңгейінде ІІІ, ІІ және І орындар иеленгені үшін дипломдармен марапатталды.
Қызы Қарлығаш «Қол күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат» атағын иеленді. Биыл 11-сыныпты аяқтады.
Қыздары Фариза мен Ұлпан Бұлдырты мектебінде оқушы.
Ұлы Теміржан мен қызы Айсана мектеп жасына жетпеген, анасының тәрбиесінде.
Аудан әкімінің орынбасары Артур Мұратұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева еліміздің демографиясына үлесін қосып, спортқа да өнерге де балаларын тәрбиелеп жауапкершілікпен қарап жүрген отбасыға амандық тіледі.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz