Шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ұсынамыз.
Фото: pixabay
Жүзу бассейндеріне ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi №67 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының санитариялық -эпидемиологиялық талаптарды орындау тиіс.
Барлық жүзу бассейні, аквапарк санитарлық ережелерге сәйкес болуы керек.
Бассейндер мен аквапарктерге келушілер не нәрсеге назар аударуы керек?
- Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) жүріп-тұру реттілігін қамтамасыз етеді.
- Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.
- Айналма жолдар, бассейннің қабырғалары мен түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекция құралдарының әсеріне төзімді болады.
- Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекция жасап, судың қажеттілігіне қарай және өндірістік бақылау көрсеткіштері бойынша судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі.
- Спорттық-сауықтыру бассейндерінде суды алмастырудың рециркуляциялық жүйесі қолданылады. Шағын бассейндерде көлемі 70 текше метрден аспаса судың толассыз ағысы қолданылады.
- Рециркуляциялық ауыстыру кезінде бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады.
- Бассейінге жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру және ұқсас залалсыздандыру әдістері).
- Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жыбындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.
Бассейндер мен аквапарк қызметкерлерінің жоғарыда аталған барлық шартын сақтаса, сіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз және тері мен көздің жұқпалы ауруларының, сондай-ақ басқа да аурулардың пайда болуынан қорықпайсыз.
Ботагөз Есеева,
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің
коммуналдық объектілерді
бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы