20.10.2023, 17:30
Оқылды: 23

Айтыскермен кездесті

Бәйтерек аудандық балалар музыка мектебінде белгілі айтыскер ақын және Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының қызметкері Айнабек Бисенғалиевпен кездесу кеші өтті.

IMG_20231020_153316_429

Өңірге танымал жерлес айтыскер ақындардың шығармашылығын насихаттау, балаларға айтыс өнеріне қызықтыру, өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыруды мақсат еткен іс-шараға мәдениет саласының өкілдері мен оқушылар қатысты.

-Республика күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шарада өзіңіздей сөз өнеріне ден қойған, үлкен айтыстарда Ақ Жайық өңірінің намысын абыроймен қорғап өзіңізбен жүздесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Өнер деген қызығы мен қиындығы қатар жүретін ерекше сала, бүгінде осы саланың белді өкіліне айналдыңыз. Жас ұрпақ өзіңізден үлгі алсын деген ниетпен шақырған едік. Алдағы уақытта бәйтеректік балғындар да сіз секілді ауызымен құс тістеген өнер иелері болып шықса, біз үшін қуанамыз, - деді кешті ашқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

IMG_20231020_153913_141

Оқушылардың сұрақтарына жауап берген ақын өнерге қалай келгенін, айтыс өнерінің қыр-сырын әңгімелеп берді.

IMG_20231020_153409_823

- Ақындық басқа қонған бақыт. Оны бағалай білу керек,  дарын мен талант Алладан дариды, қаннан беріледі, топырақтан сіңеді, әрмен қарай жалғастырып әкету адамның ерік күшінде, - дейді айтыскер.

Кеш барысында аталмыш музыка мектебінің жас өнерпаздары көрерменге әдемі ән сыйлады.

 

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале