23.10.2023, 11:45
Оқылды: 74

Оралда студент 8-қабаттан секіріп кеткен

Оралда студент қыз 8-қабаттан секіріп кеткен. 2006 жылғы қыз баланың жағдайы ауыр, қазір реанимацияда жатыр, деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем ЖП
- 21.10.2023 жылы сағат 13:40-та облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына Досмұхамедов 14/1 мекен жайындағы жатақханадан адамның құлағаны туралы жедел шақырту түсті. Оқиға орнына барған жедел жәрдеммен 2006 жылғы студент қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта студент реанимацияда жатыр, жағдайы ауыр, - деп мәлімдеді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға болған күні қыз баланы жақын жердегі облыстық ауруханаға жеткізген. Бірақ дәл бүгін студентті көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырған.

- Студент қазір нейрохирургтың, трамватологтың және хирургтың бақылауында, - деді ведомстводан.
Ақпаратты БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
21 қазан күні 2006 жылғы бірінші курстың студенті жатақхананың 8-қабатынан секіріп кеткен. Студент дереу Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

- Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы 3 бөлігіне сайкес «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі терегу амалдары басталды, деп хабарлады БҚО Полиция департаментің баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале