23.10.2023, 12:30
Оқылды: 103

Әскери бөлімде әдеби кеш өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінде сарбаздардың демалыс күнінің жоспарына сәйкес, әскери бөлімнің сарбаздарымен қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Сөз сұлтаны - Сұлтанмахмұт» атты әдеби кеш өткізілді.

PHOTO-2023-10-23-11-40-47
Сұлтанмахмұт Торайғыров – халқымыздың көзін надандықтан ашуды арман еткен ұлы тұлға.

PHOTO-2023-10-23-11-40-47 (1)

Әскери бөлімде өткізілген кеш барысында XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары оқылып, сарбаздар ақынның «Қазақ тілі» , «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын», «Алаш ұраны» өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Сарбаздарға «Алаш идеясының жаршысы» кітап көрмесі таныстырылды.
Шара соңында әдеби кешке белсенді қатысқан жауынгерлер, әскери бөлім командирінің грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Алмагүл Ақылбекқызы,
майор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале