11.08.2016, 12:13
Оқылды: 70

Жемқорлықпен күрес жалғасады

Тамыздың 10-ы күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Оян ауылына арнайы барды.


 

Жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Нұрмақов және мәслихат депутаты В.Фролов қатысты. Отырысқа мәслихат хатшысы С.Рахимов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. рахимовЖиын барысында Қосшы ауылдық округінің әкімі Г.Мұхамбетқалиева баяндама жасап, биыл нақты атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму кезеңінде сыбайлас жемқорлықты жою – еліміздің экономикалық және саяси дамуының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі екендігін атап көрсетті.

Отырыстан кейін аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов қоғамдық қабылдау өткізіп, ауыл тұрғыны Н.Бозаеваны жеке сұрағымен қабылдады.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале