Оралдан жеткен сүйінші хабар мерейімізді өсірді.
Республика күніне байланысты өткен шағын футболдан мемлекеттік қызметкерлер арасындағы «Әкім кубогінде» Жәнібектің намысын қорғаған мемлекеттік қызметкерлер жүлделі І орынды қанжығасына байлап, чемпион атанды.
Аудан абыройын асқақтатқан топ 4:1 есебімен қаратөбеліктерді, 6:0 есебімен Бөрлі командасын, 3:1 есебімен Казталов ауданын жеңді.
Бұл жарыста аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Еділ Елемесов «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz